Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының дебат үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Дебат қозғалысының даму тенденциялары және болашағы» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерге білім беру мекемелерінде дебат клубтарын ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері, дебат форматтары бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептердің дебат клубтарының жетекшілері, барлығы 151 педагог қатысты.
Секция отырысында жалпы орта білім мекемелерінде дебат клубтарын ұйымдастыру және көшбасшылық, пікірсайыс мәдениеті, аргумент құрау тәсілдері, дебат форматтары туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы