Ағымдағы жылдың 17 мамырымен 17 маусымына дейін Жамбыл облысында «Қару-2021» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 48 бірлік қару тәркіленді: 33 бірлік тегіс ұңғылы қару, 3 бірлік ойық ұңғылы қару, 5 шолақ тегіс ұңғылды қару, 1 шолақ ойық ұңғылды қару, 5 бірлік травматиқалық пистолеті және 1 бірлік револьвер. Жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында 982 қашар және шаруа қожалықтарына тексеру.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 25 сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, Қазақстан Республикасы Әкімішілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) 34 әкімшілік хаттама толтырылды.
4 мың 137 азаматтық қару иесі тексерілді, әкімшілік хаттамалар жалпы сомасы 4 миллион 404 мың теңгеге 267 қару иесіне тартылды. Сақтау тәртібін бұзғаны үшін 188 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін – 79.
Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/ttyrsoQUaEmYBbT86