Ағымдағы жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1976 кереует толтырылған, ол 54%-ды құрайды. Бүгінде олардың жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты. Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі