2 қыркүйек күні Жамбыл облысына сапасы туралы ілеспе құжаттарымен бірге 20 040 адамға 40 080 доза мөлшерінде QazCovid in вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді. Вакцина инактивирленген, құтыдағы суспензия 1,5 мл, 3 дозалы. Тапсырысқа сәйкес вакцинаның жеткізілген көлемі Тараз қаласы мен аудандардық емханалардың екпе пункттеріне таратылды.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі