Басқарма аппаратында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қатысуымен жыл қорытындысы бойынша есебі тыңдалды.
Айта кету керек, қорытынды жиналыс карантин талаптарын сақтай отырып, онлайн режимде өтті. Іс-шараға өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары мен басқарма аппаратының қызметкерлері, бөлімше бастықтары, сондай-ақ Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің офицерлері қатысты.
Аталған жиналыс өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Зәкірұлы Шайкрамовтың басшылығымен өтті. Ол бірінші кезекте барлық әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Мұнан әрі жиналыс барысында ӨСжАҚЖҚ кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Айгүл Бақытжанқызы баяндама жасады. өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Жомарт Серікұлы Бекболат пен Жедел-құтқару жасағының жасақ бастығының орынбасары Бақыт Бақтыбайұлы Ысқақов өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Атап өткен жөн, өткен жылы өрттен 2013 адам құтқарылған және 380 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Ал апаттық-құтұқару жұмыстарын жүргізу кезінде 380 адам құтқарылып, 683 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Жалпы 2020 жылы мекеменің өрт сөндіру бөлімшелерімен адамдар жаппай жиналатын нысандар мен ірі нысандарда 48 өрт-тактикалық оқу және 126 жаттығу ұйымдастырылып өткізілген.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің Қоғаммен байланыс тобы