Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов ұжымға Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы – Әзиз Құрманғалиұлы Әлиевті таныстырды.
Шәкір Шаяхметов өз сөзінде Департамент жұмысының тиімділігін арттыру бойынша алдатұрған міндеттерге назар аударып, Ә.Әлиевтің сот жүйесіндегі кәсібилігі, жеке қасиеттері, білімі мен тәжірибесі облыс соттарының жұмысын табысты ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Сот төрағасы Ербол Ахметжанов жаңа басшының тәжірибесін, біліктілігін және жоғары ұйымдастырушылық қабілетін атап өтіп, соттардың қызметіне қолдау көрсету сапасы тиісті деңгейде болатынына сенім білдірді, сондай-ақ оның жаңа қызметінде мол табыс тіледі.
Әзиз Әлиев өз кезегінде, соттардың жұмысын қамтамасыз етуде алда атқарылатын жұмыстар көпекенін айта келе, жұмыс сапасын арттыруға бар күш-жігерін салуға дайын екенін жеткізді.
Анықтама:
Әзиз Құрманғалиұлы Әлиев 1993 жылыЖамбыл облысында дүниеге келген.
• 2015 жылы Орталық Азия университетін бітірген.
• Еңбек жолын Жамбыл аудандық сотының кеңсесінде жетекші маман болып бастаған.
• Кейіннен Тараз қаласының №2 сотының бас маманы, Астана қаласының аудандық соттарында, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы лауазымында қызмет атқарған.
• Әскери соттар әкімшісінің Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамытубөлімінің басшысы.
• Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас сарапшысы, бас консультанты.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Сот әкімшілігінің Әскери соты департаментінің басшысы қызметін атқарған.