Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығымен Қуанышев Еркін Тілешұлы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі лауазымына тағайындалды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Тілешұлы Қуанышев Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Сәбитұлы Календеровпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі адам құқықтарын одан әрі ілгерілету, бұзылған адам құқықтарын қалпына келтіру, және өңірдегі туындаған мәселелерді бірлесе шешу туралы әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында түйткілді мәселелер талқыланып, нақты межелер мен бірлескен шаралар туралы айтылды.
Еркін Тілешұлы Прокуратурасы саласында отыз жылдан астам қызмет етіп, балалар құқықтарын қорғау саласында прокуратура өкілі болып, зейнетке шыққан.
Осыған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі болған Берікбол Байхожаев Қызылорда облысына тура осындай қызметке ауысқан болатын.