Шу көлік прокуратурасы ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының қызметіне тексеру жүргізді.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, заңсыз сертификаттар беру, заңды тұлғаларды жауапкершіліктен босату, тауарларды шекара арқылы заңсыз өткізу және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде артықшылықтар беру фактілері анықталды. Кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру және еңбек заңнамасын бұзу жағдайлары орын алған.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 2 млн теңгеге жуық сомаға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 20-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде 2 ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекторлары мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтары үшін жазаланады және инспекциялардың жетекшілері қатаң сөгіске тартылды.
Сонымен қатар, демалыс және қосымша жұмыс уақыты үшін төлемдер берілу арқылы прокуратурамен 60-тан астам инспекция қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Бас көлік прокуратурасы