Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жұмыстары да жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінде 2 ауылдық елді мекен бар. Аула саны 2223, оның ішінде мал ұстайтындары 825 ауланы құрайды. Аса ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 7481 гектар, оның ішінде егістік – 2691 га, жайылым жерлері – 1900 га, оның ішінде шаруа қожалықтардың жайлымы – 730 га, елді мекен жері 1170 га.
Ауылдық округте бүгінгі таңға ірі қара мал 2115 бас, 10960 бас ұсақ мал, 1344 бас жылқы бар. Қазіргі уақытта округтегі барлық ауыл шаруашылығы малдары елді-мекен шегіндегі 1900 гектар жайылымға жайылуда. Округ бойынша 6 табын, 1015 бас, уақ мал 6 отар, 2050 бас, жылқы 5 табын, 820 бас болып жайылымға шығады.
Сондай-ақ, жеке азаматтардың 150 бас жылқысы, 120 бас сиыры мен 400 бас қойы ауыл маңына жеке жайылуда. Бүгінгі таңда округте барлығы 21 жайылым жер пайдаланушы бар. Оның ішінде 5-7 км радиуста 7 шаруа қожалық орналасқан. Жалпы жер көлемі 106 га. Жайылымды 19 шаруа қожалық толық пайдалануда. Малы тіркелмеген 2 шаруа қожалыққа ескерту-хабарлама берілген. Ауыл шаруашылығы малдарын жаю үшін жүктеме нормасын ауданда әр мал басына орта есеппен 5 гектар деп есептеген жағдайда округтегі 14419 басқа шартты қажеттілік 70195 гектарды құраған.
Қазіргі уақытта округте мал басына қажетті жайылымның жетіспеушілігіне байланысты, жайлыммен қамтамасыз ету мақсатында шаруа қожалық басшыларына малдарын елді-мекеннен сыртқа шығару керектігі жөнінде түсініктеме жұмыстары үнемі жүргізілуде. Нәтижесінде қазіргі уақытта 10534 мал басы шалғайдағы жайылымдарға яғни Көделі, Құмға және басқа округтердің жайылымдарына шығарылуда. Ал шалғайдағы жайылымдарға көшіру есебінен жайылым қажеттілігі 70195 гектардан 17 525 гектарға қысқарған.