• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа Салық кодексінде не өзгерістер бар?

2026 жылғы қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжат 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылдануы тиіс. Жаңа Салық кодексі қабылданса, елде не өзгереді? Оның бұрынғы нұсқасынан қандай айырмашылығы бар?

07.01.2025
0
Ұлттық банк төрағасы: Кейінгі 30 жылда теңге 100 есе құнсызданды
57
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Адвокат қазақстандық салық төлеушілерді алаңдататын негізгі мәселелер мен жаңа редакцияға енгізу жоспарланған өзгерістерді атады.

Сонымен ҚР жаңа Салық кодексінде келесі мәселелер қарастырылмақ:

1. Салықтар мен төлемдерді 20 пайызға қысқарту

Бүгінде Қазақстанда халықаралық тәжірибеге сәйкес 12 салық бар. Шаруа және фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы жойылады, бірақ шаруа қожалықтары үшін арнайы салық режимі аясында табыс салығы түрінде пайда болады.

2. Салық есептілігін 30 пайызға қысқарту

Бірқатар есеп пен декларацияны жою, оның ішінде:

  • Егер азаматтың салық қарызы 1 миллион теңгеден ас болған жағдайда, мүлік және жер салығы бойынша төлемдерді есептеу және декларацияны жою;
  • Бизнес субъектілері үшін көлік құралдары салығы бойынша есептеу мен декларацияны алып тастау;
  • Импорт бойынша ҚҚС төлеу тәртібін сақтап қалу (тауарлардың тізімін оңтайландыру);
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды 3 жылға салықтан босату;
  • Патент негізіндегі АСР мен мобильді қосымша қолданылатын АСР-ды біріктіру, қажетсіз режимдерді алып тастау (тұрақты шегерім режимі).

3. Салық салу режиміндегі өзгерістер

Қаралған негізгі мәселенің бірі — арнайы салық режимдерін жеңілдету болды. Жаңа Салық кодексінде үш режим қарастырылған.

  • Біріншісі — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим. Ол табысы айына 1 250 000 теңгеден аспайтындарға арналған. Мөлшерлеме айналымның 4 пайызын алады, 2 пайызы — зейнетақы шотына, 1 пайызы — медициналық сақтандыруға және 1 пайызы — әлеуметтік сақтандыруға аударылады.
  • Екіншісі — жеңілдетілген декларацияға негізделген режим. Бұл режим бөлшек сауда салығы мен қолданыстағы жеңілдетуді біріктіреді. Ол бизнесті бөлшектеу мәселесін шешуге бағытталған.

«Енді ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 2,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады, бұл айналымы осы деңгейге дейінгі бизнеске ҚҚС төлемеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жұмысшылар саны бойынша шектеулер алынып тасталды, бұл әлеуметтік және зейнетақы аударымдары бар жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Бұдан басқа, жеңілдетілген режим тағы бір негізгі критерийді — жылдық айналымы 500 миллион теңгеге дейін қамтиды. Мұндай айналыммен бухгалтерлік есеп жүргізу қажет болмайды», — деп түсіндірді адвокат.

  • Үшіншісі — шаруа және фермер қожалықтарына арналған режим. Жеке табыс салығына бірыңғай жер салығынан кодты өзгертуді қоспағанда, бұл режим өзгеріссіз қалады.

4. Әкімшілік жүктемені азайту

Оның ішінде:

  • Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі. Салық органдарымен байланысуды жеңілдету мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асырылады (хабарлама беру, ЭҚЖЖ таңдау, есепшот ашу, салық салу режимін таңдау, ККМ-ге тіркелу);
  • Кәсіпорындарды тіркеу және тарату;
  • ҚҚС төлеушілерді сәйкестендіру;
  • Салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұлдардың күшін жою;
  • Тәуекелдерді басқару;
  • Камералдық бақылау.

5. Камералдық бақылау салықтар мен төлемдерді мәжбүрлеп алу

Оның ішінде:

  • Салық берешегінің шегі;
  • Әлеуметтік төлемдер;
  • Салықтық төлемдерді кепілсіз кейінге қалдыру. Салықтық берешегі 1600 АЕК-ке дейін жеткен борышкерлерге 12 айға кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі;

6. Жеке тұлғаларға салық салу

Оның ішінде:

  • Жеке тұлғалар үшін өзгерістер;
  • Сән-салтанат салығы. Қымбат мүлікке салық мөлшерлемесін арттыру (130 000 АЕК-тен (1 миллион АҚШ долларынан) асатын барлық объектінің жиынтық құны); Акциздердің аралас мөлшерлемелерін енгізу (спирттің мөлшеріне және құнына байланысты);

Альбина Бахтиярқызы кейбір өзгерістерді бөлек тізді.

  • Салықтық саясаттан салықтық әкімшілендіруге басымдық беріледі, яғни салық төлеуші тіркеуден бастап есептен шығуға дейінгі барлық кезеңде МКК-ден көмек алады);
  • Семинар, тренинг, онлайн оқыту, әлеуметтік желі және кеңестер арқылы кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру;
  • Салықтық берешек бойынша шоттарды бұғаттау тек қарыздың мөлшері шегінде жүзеге асырылады, яғни шоттағы бүкіл сома бұғатталмайды;
  • Салықтық жеңілдіктер ұсыну:
  • Салықтық тексерулерден, айыппұлдардан босату;
  • Айыппұлдарды азайту;
  • Алдын ала түсініктемелер беру;
  • Сотқа дейінгі келісу комиссиясы арқылы мәселелерді шешу;
  • Ұзақ мерзімді бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру;
  • ҚҚС-ты жеңілдетілген тәртіппен қайтару (90 пайызға дейін);
  • Қызметін тоқтатқан салық төлеушілерді сотсыз жою механизмін енгізу, ал айналымы 500 миллион теңгеден аз салық төлеушілерді тексерусіз жою;
  • «Е-₸amga» ҚҚС төлем жүйесін енгізу;
  • Қызмет түріне қарай СУР бойынша жіктеу тәсілдерін қайта қарау (бір сала ішіндегі салық төлеушілерді жіктеу және әрбір тәуекел аясында әкімшілендіру шараларын қолдану);
  • Микро және шағын бизнес үшін салықтық есептіліктің жобасын салық органдары дайындайды, бұл ККМ және POS-терминалдар деректеріне негізделеді;
  • Құмар ойындар бизнесі үшін КТС мөлшерлемесін арттыру.

Тегтер: Жаңа салық кодексі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

18.06.2025
Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

17.06.2025
Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

17.06.2025
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Олжас Бектенов пен Qingdao Wanlin Food басшысы АӨК өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

Олжас Бектенов пен Qingdao Wanlin Food басшысы АӨК өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

17.06.2025
Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

17.06.2025
Тағы бір облыстың екі ауылы ішімдіктен бас тартты

Тағы бір облыстың екі ауылы ішімдіктен бас тартты

17.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты