Сотпен не анықталды?
Ш. Telegram» мессенджеріндегі мобильді қосымша арқылы, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында анықталмаған «ОnixShopKZ» тобының қатысушысы болып, онда хат алмасу барысында Ш. операторға «мефедрон» психотроптық затын сатып алу арқылы алу,одан ары қарай жұмысқа орналасу ниетінің бар екенін хабарлаған. Қауіпсіздік шаралары мен басқа да талаптардың белгіленген тәртібінен өтіп жоғарыда көрсетілген анықтылмаған тұлғаға жұмысқа орналасып, Ш.ға ұялы телефонға көрсетілген геологиялық мәліметтерді жолдау арқылы, ойдан шығарылған жасырын орындардан психотропты заттарды табу туралы бірнеше рет тапсырмалар беріп және ол ойдан шығарылған жасырын орындарға психотропты заттарды қою туралы тапсырыстарды бірнеше рет орындап, тағылымдамадан өткен. Әрі қарай, тергеумен анықталмаған тұлғадан, Ш.-ның ұялы телефонына оның курьер лауазымына жұмысқа қабылданғандығы туралы «оператордан» хабарлама келген.
Ш. психотропты заттардың жасырылған жері туралы «оператордан» мәлімет алып, қылмыс туралы хабарсыз өзінің танысы В.-мен бірге, жасырын орынға қарай бет алған. Орынға келіп,тастың астынан бір бумага салынған және дозаларға бөлініп он полиэтиленді пакетке оралған «мефедрон»психотроптық заттарының аналогын тапқан. Сол күні, полиция қызметкерлерімен Ш. ұсталып, жеке тінту жүргізу барысында, сөмкесінен заңсыз сатып алынған және сату мақсатында аса ірі мөлшерде сақтаған он полиэтиленді пакетке оралған, жалпы салмағы 5,65 грамм, 4-метилметкатинон (мефедрон) психотропты заттар аналогы табылып және тәркіленген.
Тараптардын позициясы:
Прокурор соталушы Ш.-ға 11 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі,жаза
тағайындауды сұрады. Сот отырысында сотталушы Ш. өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының және куәгердің, жауаптарымен,сарапшылардың қорытындыларымен,қылмыстық іс материалдары және өзге де делелдермен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, сот оның бұрын соттылығының болмауын, жасының жастығын, кінәсін ішінара мойындауын, жасаған ісіне өкінуін және жас баласының болуын табады. Қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай сотпен анықталмады.
Сот үкімімен Ш. ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3)- тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ