Өйткені, лайықты мадақ пен марапат кез келген адамды ынталандырып, күш-жігер сыйлайтыны ақиқат. Бұдан бөлек, сол бір сала қызметкерлерінің қиындығы мол жұмысқа деген құлшынысын арттыра түседі.
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер марапат биігінен көрінді. Атап айтқанда, мекеменің жедел бөлімшесінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны Махамбет Бақытжанұлы мен мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет аға лейтенанты Тойшыбек Салауатұлына ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі табыс етілді.