Қарасора-2021жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының 48 жастағы жергілікті тұрғынын ұстап, оның тұрғылықты жерінен санкцияланған тінту барысында жалпы салмағы 5 келі 150 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Тінту Теа атты қызметтік иттің қатысуымен жүргізілді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады, ол Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды- деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.