«Абай» атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адам саудасына байланысты қылмыстың алдын – алу мен оған қарсы күреске бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру» жобасына сәйкес «Қыз тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры А.Есіркепов, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлетігінің төреғасы А.Олжабаев, Жамбыл облысының «Ауыл жастары одағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атқарушы директоры А.Лесбеков қатысты.
Кездесуді «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Абзал Есенұлы жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді Жамбыл облысының «Ауыл жастар одағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атқарушы директоры Азамат Лесбеков жастардың қоғамдағы рөлі, соның ішінде қыз баланың тәрбиесін ашып айттқан болатын. Өз кезегінде «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Олжабаев «Бүгінгі жас – болашақ ата – ана» ұғымын кеңінен насихаттап өтті.
Кездесу соңында қыздардың тағдыры мен жастардың ара қатынасы заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, соңы дискуссияға ұласып, сұрақтар қойылып сұрақтарына толықтай жауап алды. Жастар өз алғыстарын айттып және де осындай іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.