«Аспара» өнер колледжінде «Тараз қаласы әкімдігі «Ішкі саясат бөлімінің» әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адам саудасына байланысты қылмыстың алдын – алу мен оған қарсы күреске бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру» жобасына сәйкес «Қыз тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.
Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақын кеңесі, дүниеге шынайы көз-қарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы. Бұл-алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін күрес. Қыз – келіншек, әйел – ана, әже-кейуана тағылымы өшпес із қалдырды. Ол – қазақ тілінің ана тілі деп аталуы. Мұндай жағдай қазақ әйелінің өзіндік қасиетін де, басқалардан айырмашылығын да танытады. Бұл – әйел қауымына көрсетілген зор құрмет! Әйелдердің жасаған ісі, қалдырған ізі ақсақалдық ешбір мектептен кем емес, оның әманда тазалығына, жаңарып – жаңғыруына орасан жағдай жасады. Бұл тағылымды жоққа шығаруға немесе елемеуге болмайды.
Шарада «Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі-өнегесі, ақын кеңесі, дүниеге шынайы көз-қарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие – ұрпақ үшін күрес» деген «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры А.Есіркепов пен «Нұр Отан» партисы Жамбыл аудандық филиалының заңгері Т.Көпбергенов аталған тақырып бойынша нақты мәліметтер келтіріп, ойларымен бөлісті.
Кездесу барысы дискуссияға ұласып, сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып, осындай іс-шаралардың жиі өтіп тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.
TURANINFO.KZ