Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды жəне қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба бойынша «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» “YouTube АНАТОМИЯСЫ” атты онлайн семинар өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен шараға қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық белсенділер, блогерлер қатысты. Аталған онлайн семинарға Жанасыл Болатбек лекторлық етті. Оның «Youtube» видеохостингінде төрт арнаны күміс батырмаға жеткізгенін айта кеткен жөн. Онлайн шарада Ж.Болатбек Тараз қаласындағы белсенділер арасында «YouTube» видеохостингін дамыту жəне оның тəсілдері бойынша көптеген тың ақпараттармен қатар пайдалы кеңестерімен де бөлісті. Сондай-ақ «Instagram», «Facebook», және «YouTube» сынды әлеуметтік желілердегі тың алгоритмдер қандай? «YouTube»-тің трендке шығу жолдары қандай және онда алғашқы 1000 оқырманды қалай жинауға болады? «YouTube» каналды көтеретін құралдары мен монетизациясы қандай деген сұрақтарға толық жауап берді. Өз кезегінде онлайн семинарға қатысушылар лекторға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.