• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

«WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпарат таралды

12.11.2018
0
Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
606
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Полиция департаментіне «WhatsApp» желісі арқылы Жамбыл облысы азаматтарынан білім беру жүйесі қызметкерлерінің атынан мектептерде белгісіз тұлғалар оқушыларға конфет және сағыз түрінде есірткі тарататыны туралы тексерілмеген ақпарат келіп түсті. Аталған аудио хабарлама, Жамбыл облысы ПД ЖПҚ басшылығымен зерделеніп, назарға алынды.
Тексеру барысында аталған деректер расталмай, ақпарат жалған болып табылды. Аталмыш дерек 2015-2017 жылдары Ресей Федерациясының Ставрополь және Приморск өлкелерінде, Сахалин облысында, Татарстан мен Башқұртстан республикаларында, сондай-ақ 2018 жылдың қаңтар айында ҚР Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында таратылғаны анықталды. Ағымдағы жылы осындай жалған ақпарат тарату бағытындағы хабарламаларды Қазақстанның шектес облыстарынан және көрші мемлекеттерінен белгісіз тұлғалар жіберген.
Жамбыл облысы аумағында осындай заттармен улану, сондай-ақ олардың таралуы деректері бойынша азаматтардың шағымдары еш жерде тіркелмеген.
Хабарламада айтылған деректердің тұрғындар арасында қоғамдық дүрбелең тудыруы мүмкін екендігі ескеріле отырып, аталған ақпаратты жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне жеткізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, тұрғындарды бұл ақпаратқа қатысты дүрлікпеуге шақырып, оны таратпау қажеттілігі туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес «көрінеу жалған ақпарат тарату» бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғатындығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, аталған хабарламаларды жариялаудың жағымсыз үрдістерін ескере отырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан есірткі құралдарын пайдалану деректерін болдырмау және жолын кесу мақсатында, ПД ЖПҚ басшылығы Тараз қ. ПБ және облыстық ҚАПБ-ге нұсқау жолданылып, қалалық, аудандық органдардың жедел мәжілістерінде қаралып, тиісті шаралар қабылдау ұйғарылды.
Сонымен қатар, ПД бастығының жетекшілік ететін орынбасары полиция подполковнигі С. Т. Жүнісбековтің нұсқауы бойынша 11.11.2018 жылы сағат 16.00-де қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, Тараз қаласындағы №12 орта мектепте мектеп басшыларының қатысуымен осы аудио хабарламаны тыңдата отырып, кеңес өткізілді.
Мектеп директорлары мен олардың профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік бұйымдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіре отырып, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Сол күні сағат 18.00-де қаланың ювеналдық полициясының барлық жеке құрамы жиналып, онда ПД ЖПҚ бастығының орынбасары, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ және қалалық бөлім бастықтарының қатысуымен оқушылар арасында болып жатқан жағымсыз үдерістерге қатысты қырағылық таныту, мектеп аумағына бөгде адамдардың келуіне жол бермеу және білім беру мекемелері қызметкерлерімен бірге тиісті алдын алу шараларын қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда, әрбір мектепте ювеналдық полиция қызметкерлерінің күшімен мектептердің педагогикалық ұжымдарымен және психологтарымен бірлесе отырып, интернет-браузерлердің тарихын, олардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін күдікті сайттарға баруына, жоғарыда аталған заттардың таралуына жол бермеу деректерін жүйелі түрде тексерумен балаларды тиісті бақылаудың сақталуы туралы ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттары өткізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың барлық аумағында жүзеге асырылатын болады.
Аталған деректерді, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе күмәнді өндірістік конфет және сағыз өнімдерін өткізу деректерінің уақтылы алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдай отырып, қатаң бақылауда болады.

View this post on Instagram

Жамбыл облысы Полиция департаментіне «WhatsApp» желісі арқылы Жамбыл облысы азаматтарынан білім беру жүйесі қызметкерлерінің атынан мектептерде белгісіз тұлғалар оқушыларға конфет және сағыз түрінде есірткі тарататыны туралы тексерілмеген ақпарат келіп түсті. Аталған аудио хабарлама, Жамбыл облысы ПД ЖПҚ басшылығымен зерделеніп, назарға алынды. Тексеру барысында аталған деректер расталмай, ақпарат жалған болып табылды. Аталмыш дерек 2015-2017 жылдары Ресей Федерациясының Ставрополь және Приморск өлкелерінде, Сахалин облысында, Татарстан мен Башқұртстан республикаларында, сондай-ақ 2018 жылдың қаңтар айында ҚР Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында таратылғаны анықталды. Ағымдағы жылы осындай жалған ақпарат тарату бағытындағы хабарламаларды Қазақстанның шектес облыстарынан және көрші мемлекеттерінен белгісіз тұлғалар жіберген. Жамбыл облысы аумағында осындай заттармен улану, сондай-ақ олардың таралуы деректері бойынша азаматтардың шағымдары еш жерде тіркелмеген. Хабарламада айтылған деректердің тұрғындар арасында қоғамдық дүрбелең тудыруы мүмкін екендігі ескеріле отырып, аталған ақпаратты жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігіне жеткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тұрғындарды бұл ақпаратқа қатысты дүрлікпеуге шақырып, оны таратпау қажеттілігі туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес «көрінеу жалған ақпарат тарату» бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғатындығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. #taraz2018 @taraz_life @zellotaraz @vtvs_taraz @taraz_today @onlinetaraz @taraz_bez_prekras

A post shared by WhatsApp: 87717747477 (@zhambyl_police) on Nov 12, 2018 at 6:24am PST

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тегтер: schoolTarazwhats appдпЖамбылполиция
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жуалыда 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген

Жуалыда 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген

12.06.2025
Әлемдегі №1 тау-кен мектебі Қазақстанда өз филиалын ашады

Әлемдегі №1 тау-кен мектебі Қазақстанда өз филиалын ашады

12.06.2025
Алматы хореографиялық училищесінің директоры ауысты

Алматы хореографиялық училищесінің директоры ауысты

12.06.2025
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $340 млн-нан асты

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $340 млн-нан асты

12.06.2025
Тоқаев «Аквашаруашылық туралы» заңды қабылдады

Тоқаев «Аквашаруашылық туралы» заңды қабылдады

12.06.2025
Илон Масктың спутниктік интернеті Қазақстанда қолжетімді бола бастайды

Илон Масктың спутниктік интернеті Қазақстанда қолжетімді бола бастайды

12.06.2025
Жамбыл облысында азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған грант байқауы жарияланды

Биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6%-ға ұлғайған

12.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты