Ведомство мәліметінше, ауа райы түнде нашарлайды. Екпіні секундына 18 метрге дейін жететін қатты жел соғып, найзағай ойнайды.
«Қала тұрғындарына, қонақтары мен туристеріне қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауға шықпауға кеңес береміз. Электр желілері бүтін екеніне назар аударыңыз, көліктерді ағаштың астына қоймаңыз және әлсіз құрылымдардың астына тұрмаңыз», — деп кеңес берді ТЖД өкілдері.