АҚШ президентінің айтуынша, келіссөздер жақсы жүріп жатыр.
Владимир Путин мен Американың арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуінен кейін Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі мүмкін келісімнің көптеген ережелері келісілгенін мәлімдеді.
«Ресейдің Украинамен келіссөз жүргізетін уақыты келді. Олар мәмілеге келуге жақындап қалды, енді екі тарап бұған нүкте қою үшін өте жоғары деңгейде кездесуі керек» деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Америка басшының айтуынша, АҚШ өкілдері «қақтығыстың аяқталуына ықпал ету үшін қажет болып жатса, келіссөздерге қатысатын болады».
Жұма күні (25 сәуір) Ресей президенті Владимир Путин мен Америка көшбасшысының арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың жыл басынан бергі төртінші кездесуі өтті.
Арнайы өкіл оған дейін Ресейдің Украинадағы қақтығыста түпкілікті оқ атуды тоқтату туралы шешімді қиындатып жібергенін айтқан болатын.