• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев: Сингапурға келетін қазақстандық ғалымдардың көбейгенін қалаймыз

Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты.

24.05.2024
0
Тоқаев: Сингапурға келетін қазақстандық ғалымдардың көбейгенін қалаймыз
33
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті.

Бүгінгі форумның екі ел ынтымақтастығы үшін маңызы зор. Бұл шара Қазақстан мен Сингапурдың білім және ғылыми-зерттеу салаларындағы ықпалдастығын бұдан да жоғары деңгейге шығаруды көздейді. Кеше Сингапурдың Президентімен және Премьер-министрімен ғылым, білім, халықаралық байланыстар сияқты екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Қазақстанның барынша ашық, тұрақты нарықтық экономикаға көшуі қарқынды және орнықты білім беру стандарттары мен цифрлық трансформацияны қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу, халықаралық институттармен бірлесіп ұдайы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін елімізге дәйекті тәсіл қажет екенін айтты.

Соңғы бірнеше жылда біз беделді 19 университетпен стратегиялық альянс құрдық. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Германия университеттері елімізде өз филиалдарын ашты. Сондай-ақ Қытай, Түркия, Италия және және басқа да мемлекеттердің университеттері Қазақстанға қызығушылық танытып отыр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстан мен Сингапурдың тиісті ведомстволары арасында Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын айтты.

Бұл динамика басқа да бірқатар құжатты қабылдау, соның ішінде Наньян технологиялық университетімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы жалғасады. Бұл меморандум Қазақстан үшін маңызы зор су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған. Су – ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке, денсаулық сақтаудан қоршаған ортаға дейінгі өміріміздің барлық аспектісіне әсер ететін өте маңызды ресурс. Су ресурстарын тиімді басқарудың орнықты даму мен экономикалық тұрақтылық үшін мәні зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасы арқылы Сингапурға зерттеушілер мен ғалымдарды жіберуге ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, аталған бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 12 мыңнан астам қазақстандық студент әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде 72 отандасымыз Сингапурда оқыған.

Әлі де көптеген қазақстандық студент сіздердің ғажап еліңізде тәжірибе алмасу, білім алу мүмкіндігіне ие боларына сенімдімін. Жыл сайын біз зерттеу жұмыстарын жүргізуге 500 стипендия бөлеміз. Сингапурға келетін қазақстандық ғалымдар санының көбейе түскенін қалаймыз. Білім мен ғылым – прогресс пен инновацияның негізі. Осы салаларға көңіл бөле отырып, біз еліміздің болашағына инвестиция саламыз. Сингапурмен арадағы серіктестік халықаралық ынтымақтастықтың дамуға және халықтарымыз үшін мүмкіндіктерге жол ашуға ықпал ететінін көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорданың баспасөз қызметі

Тегтер: БІЛІМ БЕРУболашақ бағдарламасыҚасым-Жомарт ТоқаевректорСингапур
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский