Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.
Ақорда