Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде Гүлдала ауыл тұрғындары мен алматылық донорларға, көңіл айту жеделхаттарын жолдаған мемлекет басшыларына алғысын білдірді.
Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 29, 2019
Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан болған азаматтардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдап, тілектестік білдірген барлық мемлекет басшыларына алғыс айтамын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 28, 2019