• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Тіл маманы Елдес Омарұлын білесіз бе?

28.02.2023
0
Тіл маманы Елдес Омарұлын білесіз бе?
362
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақтың «Ломоносовы» атанған Елдес Омарұлының туғанына былтыр 130 жыл толған тұғын. Баспасөз беттерінде, ғылыми еңбектерде оның есімі қылаң бере ме деп көз тігіп едік ешкім қыңқ етпегендей болды. Бәлкім, ол туралы қалам сүйкегендер болса болған шығар, бірақ біздің көзімізге ондай дүниелер ілікпеді.

Енді міне, бүгін алаш қайраткері, педагог, публицист, аудармашы, лингвист Елдестің туған күні. Ол 1892 жылдың 1 наурызында қазіргі Қостанай облысы, бұрынғы Қостанай округінің Тобыл болысында дүниеге келген.

Елдес Омарұлы – 1907 жылы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін, 1911 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін үздік бітірген. Ол Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін құруға белсене араласқан және Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырған қайраткер. 1920-1922 жылдары Орынбор халық ағарту комиссариатында инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды. Одан кейінгі жылдары Қазақ педагогикалық жоғары оқу орындары басқармасында істеген, мақалаларын орыс тілінде жазған. «О сочетании казахской звуки», «Ахмет Байтурсынов – ученый-лингвист». «Қазақ тілінің жаттығулар жинағының» авторы. Орта мектепке арналған геометрия, физика оқулықтарын да жариялаған. 

Физика ілімінде оқулықтары жарияланған Елдес Омаровқа ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Елдесімнің физикасына сын жазайын десем, газетке -үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті. Бір күні Шәңгерей маған: «Мен сені жақсы көрем! Білесің бе?»,-деді. Мен: «Жоқ»,-дедім. Шәңгерей: «Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көремін»,-деді. Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен» деп емеурін танытқанына қарағанда Елдес Омарұлы азаматтық тұғыры биік азамат болғаны көрініп-ақ тұр.

Елдес Омарұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың сүйікті шәкірті әрі ең сенімді серігі еді. Елдес заман ағымы, зәру мәселе, халық басындағы мұң, мектеп – оқу жайы жөнінде және әр түрлі ғылыми кітаптарға рецензиялар жазған публицист, ғалым, сыншы, «Алашорданың» оқу комиссиясының мүшесі тұғын. Ахмет Байтұрсынұлы жұмыс істеп отырғанда, тек Елдесті ғана қабылдайды екен. ХХ ғасыр ширегінде Ахмет Байтұрсынұлынан кейінгі қазақ тіліндегі көрнекті педагог әрі тіл маманы ретінде танылғандардың бірегейі де осы Елдес Омарұлы тұғын. 

Мәселен, 1928 жылдың қазан айында Алматы қаласында қазақтың алғашқы университеті – Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ – М.Е.) ашылды. Аталған осы оқу орнына педагогикалық қызметке Ташкентегі қазақ оқығандарын шақыртты. Мысалы, архив қойнауында сақталған құжаттарға назар аударсақ мынандай мәліметтерге көз жеткіземіз:

 «Қазақ АКСР-ы Ағарту халкомы Ораз Жандосовтың 1928 жылдың 24 маусымында республика басшылығына жолдаған ағарту саласы бойынша Ташкентке барған сапарының есебінде: «Педагогикалық жоғары оқу орнының (Ташкент) оқытушыларынан Досмұхамедов, Ермеков және Байтұрсыновты ҚазМУ-іне жұмысқа шақырдым. Алғашқы екеуі: педология кафедрасы бойынша Досмұхамедов және математика кафедрасы бойынша Ермеков дербес оқытушы ретінде ұсынысымды қабылдады. Байтұрсынов бас тартты. Ол өзін ҚазМУ-де  жеке оқытушылық қызмет етуге дайын емес деп санайды. Сондықтан, қазақ тілі кафедрасына Омаров Елдесті шақыруға тура келеді. Басқа кандидаттар жоқ» – деп жазады. Осы құжатта Қазақ АКСР-ның Ағарту халкомы Ораз Жаносовтың өзі атап көрсеткеніндей сол кезде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан кейін бірден-бір жетік тіл маманы осы Елдес болса керек. 

Бүгінде оның тіл жөніндегі еңбектері толық зерттеусіз, елеусіз күйінде қалып келе жатқаны бар. Алдағы уақытта ескеретін дүние.

Ал енді осынау азаматтың тағдырын талқыдан өткізген де сол 1930-1938 жылдардағы Сталиннің антигуманистік саясаты. Ол 1929 жылдың соңында тұтқындалып, 1930 жылы ату жазасына кесілгенімен 10 жылға Архангельскіге жер аударылды. Жер аударудан қайтып келген соң, қазақ тілінің оқулығын жазды, ҚазМУ-де қазақ тілінен дәріс берді. Бірақта ҚазМУ-дегі қазақ тілінен доцент болып жүрген Телжан Шонанұлын тұтқындаған соң, оның сабағын өткізуді Елдеске тапсырады. Ол аудиториямен танысып шыққанан кейін, студенттерден: олардың не өткенін, қай жерден дәрісті бастау керек екендігін сұрапты. Студенттердің жауабы Елдесті таңқалдырады, олар: алдағы уақытта не өтетінін білеміз, өткенді ұмытып қаламыз, еске алмаймыз – деп екіұшты жауап беріпті. Елдес ойланыңқырап барып: — Бұл қалай? Шонанұлы жақсы тәлімгер еді ғой!,-депті. Содан дәріс аяқталмай жатып Елдесті жұмысшылар комитетіне шақырады. Кәсіподақ пен партия ұйымының біріккен мәжілісі шүғыл түрде шақырылып, оған: халық жауы Шонанұлын қорғады – деген айып тағылып, ҚазМУ-нен босатқан.

Белгілі ғалым Тұрсын Жұртбайдың: «Елдесті қызметтен босатқаннан кейін Мағжан екеуі (демек 1937 жылдың ақпан айынан бастап) «қызмет іздейді». Ақыр аяғы екеуі де бостан босқа «табалдырық тоздырудан» жалығады да, екеуі прокурорға барып, өздерінің сандалыстарын айтады. Ол бірден бұларға: сендерге ешқайда барудың қажеті жоқ, өйткені қала бойынша таратылған құпия тізім бойынша, оларға қаладан ешкім жұмыс бермейді – депті де, қаланың сыртында жер қазушылық жұмысты ұсыныпты. Бұдан кейін екі дос бірге НКВД-ға барып, өздерін тұтқындауды өтініпті. Олар бұл ұсыныстан бас тартыпты. Мағжанның әйелі киім тіге алатын. Сол арқылы әйтеуір күнкөріс қамын жасаған. Ал Эльза болса өмірді алшысынан басып жүруді ұнататын да күйеуін сорып күн көретін. Бұған шыдамаған Елдес үйінен кетіп қалды», — деген дерегінде көп сыр бар болатын. 

Осы арада айта кететін бір жайт: сол жылдың қысында мағжан Жұмабаевты ұстап әкеткеннен кейін, ақынның үйіне белгілі тіл маманы Елдес Омаров келген екен. Бұл туралы ақын Мағжанның жары Зылиқа апайдың: «Қар түсіп қалды. Елдестің әйелі орыс еді. Ол Елдесті сыйламаушы еді. Тегі, әйел күйеуін үйінен қуып жіберсе керек, әлде «балта көтергенше, дөңбек жалтарады» дегендей, Елдес үйінен қашып жүр ме? Жұмыс істемейтін, ақшасы жоқ, бұрын айдауда болған кісіде не құн, не қадір қасиет болады? Бас сұғатын, қонатын, бір түнеп паналайтын қуыс іздеп, Елдес Омаров қол шана сүйретіп көше кезіп шығыпты. Қол шанаға бір ескі көрпесін, шәйнегін, жіпке таңған біраз кітабын салып алыпты. Байғұс біздікіне келді. «Ойбай, Мақаңды алып кетті ғой» дедім. Сыңайымды байқап, Елдес байғұс шанасын сүйреп, көше бойлап кете барды. Сонша болған жоқ, артынша үйге түсі суық екі кісі кіріп келді. «Осында Омаров келді ме?» деп сұрады. Айттым. Ізінше сатыр-сұтыр жүгірісіп қуып кетті. НКВД адамдары ұзаққа жібермей Елдесті көшеден қуып ұстапты» деген естелігі алаш ардақтысының соңғы ғұмырының көрінісін нақты сипаттаса керек. 

Иә, қазақтың «Ломоносовы» деген бүркенішті есімі болған Елдестің тағдыры аянышты. Оны Кеңес үкіметі 1937 жылы ату жазасына кесті.

Еліміздің тәуелсіздік жолында тер төккен әрбір алаш арыстарының тағдыры аянышты. Олардың шығармашылықтағы еңбектерін, саяси бағыттағы ерліктерін кейінгі жас жеткіншектерге яғни, келешек ұрпақтарға барынша насихаттай беру қазіргі замандағы сіздер мен біздердің парызымыз, әрі-беріден кейін парызымыз.

 

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ 

Қазақстан журналистер одағының мүшесі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

ҰБТ-ның барлық бейнежазбасы қазан айына дейін тексеріледі

03.06.2025
Қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталған

Қайтарылған активтер бойынша 5 млрд теңгеден аса қаражат қайда жұмсалады?

03.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Түркияда ауыр жер сілкінісі болды

03.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты