• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

17.04.2019
0
ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
384
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Адал жол» жобасын жүзеге асыру аясында темір жол саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау мақсатында әртүрлі шаралар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

«Жамбыл – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Департамент қызметкерлерімен, Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен, Жамбыл облысының көліктік бақылау инспекциясы мен желілік полиция бөлімінің өкілдерімен берлесе облыс аумағынан өтетін поездарда рейдтік шаралар өткізіп тұрады. Ағымдағы жылдың 3 айында Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері 2 жолсерікті билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

2019 жылғы 14 наурыздағы тексеру шаралары барысында №55 Көкшетау – Қызылорда поезынан билетсіз жолаушыны алу фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша Көліктік бақылау инспекторы ҚР ӘҚБК 623 бабының 4 бөліміне сәйкес, көрсетілген поездың жолсерігі Б.Е.Әжіхановқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Ал, 15 наурызда №316 Қазан – Ташкент бағытындағы поездың жолсерігі С.У.Назаров та жолаушыны билетсіз қабылдағаны үшін осындай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

​Сонымен қатар, №9 Алматы – Нұр-Султан, №85  Сарыағаш – Нұр-Сұлтан, 377 Алматы – Маңғыстау, 21 Семей – Қызылорда поездарын тексеру барысында Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері төмендігідей техникалық бұзушылықтарды анықтап, бұзушылықтарды жою жөнінде актілер толтырды:

1. Жақтаудағы орындықтардың жұмыс істемеуі – 3 факті;
2. Перде механизмінің дұрыс істемеуі – 4 факті;
3. Тоңазытқыштардың жұмыс істемеуі – 5 факті;
4. Қысқа толқынды пештердің жоқтығы – 6факті;
5. Сейф қызметінің болмауы – 4 факті;
6. Тоңазытқыштардың болмауы – 5 факті.

​«Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген іс-шаралар барысында жұртшылықтың белсенді өкілдері темір жол көлігіне жолаушыларды билетсіз салып жіберу қызметін ұсынатын делдалдық жұмыстарын, кейбір жолсеріктердің белгілі бір сомаға билетсіз жолаушыларды қабылдауға келісу, жүкті келісілген станцияға дейін ешбір рәсімдеусіз алып кету фактілерін анықтады.

​Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Тараз темір жол вокзалының ішінде Сарыағаш – Нұр-Сұлтан поезына билетсіз жолаушыны 10 000 теңгеге салып жіберетінін,  оның 9 000  теңгесін жолсерік алатыны, ал 1 000 теңгесін қызметіүшін өзі алатыны туралы айтқан азаматшының әрекеттері анықталды.

​Сол күні №378 Маңғыстау – Алматы поезының №16 вагонының жолсерігі Алматы қаласына 5 000 теңгеге билетсіз жолаушыны купе вагондағы төменгі жайлы орын тауып беру арқылы алып кетуге дайын екендігін жеткізген.​Сондай-ақ, аталған іс-шаралар барысында поезға жүкті заңсыз қабылдап алу дерегі анықталды. №23 Алматы – Ақтөбе поезының №11 вагонының жолсерігі Ақтөбе станциясына дейін жүкті ешқандай рәсімдеусіз 1 000 теңгеге алып кеткен.

​Барлық анықталған деректер бейнетаспаға жазылып алынып, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, «Адал жол» республикалық жобасының жетекшісі И.Н.Майшекин мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының директоры Ю.Н.Юревичтің, Темір жол вокзалы мен желілік полиция басшыларының, қоғамның белсенді өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста көрсетілді.

​Отырыста көрсетілген фактілермен қатар темір жол саласындағы жолаушылардың ақпараттандырылмауы, вокзал қызметкерлерінің делдалдармен таныстық ықтималдығы, поездарға жүкті рәсімдеусіз қабылдап алу, кейбір жайлы орындарға билеттердің тек жеке меншік кассаларда болуы, вагон жетіспеушілігі, поездардағы төсек орындардың жай-күйі, вагондардың техникалық жағдайы сияқты түйткілді мәселелер талқыланды.

​Көтерілген мәселелерді талқылау нәтижесінде отырысқа қатысушылар темір жол саласындағы сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жоюға бағытталған төмендегідей ұсыныстар берілді:

​— тұрғындарды темір жол көлігімен билетсіз жүргені үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы жаппай ақпараттандыру;

​— вокзалдар мен станцияларда жолаушыларға делдалдармен байланысқа түсуге тиым салынатыны туралы хабарлау;

​— кассалар маңынан поездардағы бос орындардың нақты нөмірлерін көрсетіп отыратын монитор орнату арқылы жолаушыларды ақпараттандыру жүйесін енгізу;

​— вокзал мен желілік полиция бөлімінің басшылығына вокзал мен станцияларда және поездарда сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау және жою шараларын қабылдау;

​— «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на поезд вагондарыың жағдайын жақсарту шараларын қабылдау.

​Анықталған бұзушылықтардың бейнежазбалары Жамбыл станциясындағы желілік полиция бөлімі мен Тараз қаласы вокзалының басшылығына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты