Telegram-да «Геркулес» атты синтетика тарататын чат-бот дүкен жұмыс істеген.
«Арнайы іс-шаралар нәтижесінде «кладмендер» ұсталып, 3 келі синтетикалық дайын өнім ретінде мефедрон тәркіленді. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен 2 қылмыстық іс басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолданған.
«Кладмендердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет дүкендерінің бірі арқылы 255 мың теңге тұратын 5 300 магнит тапсырыс берілгені анықталды. Магниттер синтетикалық есірткіні скотчқа орап, металлға жабыстыруға қолданылған», — деп жазылған хабарламада.
Синтетикалық есірткінің 133 миллион теңге тұратын 5 300 дозасы таратылмады. Күдіктілердің мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды.
Бұл іске қатысты да тергеу жүріп жатыр.