Tele2 өз абоненттеріне ESET мобильді антивирусын ұсынды
Tele2 Қазақстан вирусқа қарсы БЖ әзірлеуші болып табылатын ESET-пен ынтымақтастық туралы жариялады. Өз абоненттері үшін оператор ESET NOD32 Mobile Security өнімінің арнайы нұсқасы – Mobile Security Tele2 өнімін іске қосады.
Бұл қызмет әзірге Android ОЖ-мен жұмыс істейтін құрылғылар үшін ғана қолжетімді. IDC статистикасы бойынша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында өндірушілермен сатылған смартфонардың 85%-ы осы платформада жұмыс істейді. Бұл ретте, мобильді құрылғыларға шабуыл жасайтын зиянды бағдарламалардың 99%-ға дейінгі мөлшері дәл осы Android платформасына бағытталған. ESET деректері бойынша, 2017 жылы ай сайын 300-ге дейін жаңа Android қаупі пайда болады екен. Бопсалаушы-бағдарламалардың осы платформаға арналған нұсқаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 436,54%-ға ұлғайған.
Қаскүнемдер жиі жағдайларда Google Play қауіпсіздік жүйесін айналып өтіп, алаңшада зиянды қосымшаларды таратады. Соңғы оқыс оқиғалардың бірі – ресми дүкенде банк трояны мен тыңшылық БЖ-ның пайда болуы.
Енді Tele2 абоненттері ESET NOD32 Mobile Security (Mobile Security Tele2) арнайы нұсқасын тегін жүктей отырып, Android платформасындағы мобильді құрылғыларын қорғай алады. Өнімнің интерфейсі планшеттер мен смартфондарға бейімделген.
Mobile Security Tele2 нақты уақыт тәртіптемесінде смартфондар мен планшеттерді зиянды бағдарламалардан, соның ішінде бұрын беймәлім болған жаңа қауіптерден қорғайды. Өнім құрылғыны вирустардың болуына қатысты сканерлеуге, зақымданудың немесе әлеуетті қаупі бар қосымшаларды орнатудың алдын алуға мүмкіндік береді. Ұрланған немесе жоғалған құрылғыны іздеуге көмектесетін «Антивор» функциясы қолжетімді.
Құрылғыны барынша қорғау үшін абоненттерге – пайдаланушының мобильді шотынан шығынға жазылатын шағын абоненттік төлемі бар Mobile Security Tele2 кеңейтілген нұсқасын орнатуға кеңес беріледі. Бұл нұсқа «Антиспам» функциясын және басқа да пайдалы мүмкіншіліктерді камтиды.
«ESET ТМД елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы байланыс операторларымен бірінші жыл ынтымақтасып отырған жоқ, – дейді Алексей Косиченко, ESET Russia даму департаментінің директоры. – Өнімді Tele2 абоненттеріне бейімдеу үшін біз бұрын іске қосылған жобалардың тәжірибесі мен әріптестеріміздің қалауын ескердік. Mobile Security Tele2 қорғау бойынша базалық қажеттіліктерді толығымен жабады, ал мобильді интернеттің аса белсенді пайдаланушылары кеңейтілген нұсқасын тікелей қосымшадан оңай белсенді ете алады».
ESET NOD32 Mobile Security (Mobile Security Tele2) өнімін Google Play қосымшасындағы өнімнің бетінен орнатуға болады.