2019 жылы қараша айында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ардақ Мадимаровты қызметінен босатқан еді. Оған себеп, Тараз қаласындағы №6 орта мектебінің оқушысына даладағы әжетханада зорлау фактісі бойынша шешім қабылданған болатын.
Ардақ Тілегенұлы — Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясын аяқтаған. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Бірнеше басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
Ардақ Тілегенұлы жаңа қызметіне дейін Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.