Таяуда Караван басылымында шыққан мақала аясында, Тараз қаласының басты көшелерінің қала көркіне айтарлықтай нұқсан келтіріп тұрғаны осындай мақала жазуымызға түрткі болып отыр. Қаламыздың басты және ең ұзын даңғылы сапасыз әрі америкалық әткеншекке айналғаны қынжылтады.
Бұл мәселені зерделей келе осы іске кімдердің жауапты екені анықтадық. «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік кәсіпорны тапсырысымен «Арайстроймаркет-2003» ЖШС, авторлық қадағалауды «КИБ» ЖШС, техникалық қадағалауды «Binas Engineering» ЖШС жүзеге асырған екен. Мынадай жолды қалай қабылдады екен? Нысанды жоғарыда аталған заңды тұлғалардың директорларымен қол қойылған қабылдау актісімен қабылданды, алайда осы нысан бойынша жұмыс дәл осы күнге дейін аяқталмады.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 2-тармағына сәйкес құрылыс нысанын қабылдау және іске қосу тапсырыс беруші тарапынан бекітілген жобаға сәйкес толық дайындалған кезде және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытынды жасалады. Сондай-ақ мақұлданған жобамен орындалатын жұмыстардың сәйкестігі тексерілу керек.
Енді, осы заң аясында қабылдаушы ұйымдар мұндай жолды қалай қабылдады? Мүмкін жолы жақсы болып, байқалмай кетуіде мүмкін еді. Бірақ жол «әткеншектердін» арқасында «Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта құру» нысанын әлі де талай шикілігі шығатыны анық. Өйткені, Тараз қалалық прокуратурасы тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай сапасыз жолды қабылдау актісіне қол қойған жауапты адамдар жауапқа тартылады деген сенімдеміз.
TURANINFO.KZ