Тараз қаласындағы «FORTEBANK» АҚ филиалынан несие алған тараздық миллион теңге жеңіп алды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
«FORTEBANK» АҚ Тараз қаласы бойынша филиал директоры Радулин Азатов сұрақтарымызға жауап берді.
Радулин Рахымжанұлы, миллион таратын қандай байқау?
«FORTEBANK» АҚ арнайы ұсыныс жүзеге асуда. Онда «Апта сайын миллион кэшбек» акциясы өтуде. Оған қатысу үшін 100 мың теңгеден астам несие алсаңыз болғаны, автоматты түрде қатысасыз. Сәуір айынан бастап Тараз қаласынан екі адам миллион жеңіп алды.
Олар кімдер?
Тауарлық қажеттіліктері үшін екі миллион несие алған екі адам. Осы аптаның жеңімпазы Аңламасұлы Қылыш, осыдан бірер апта бұрын маусым айында Динара Бақытжанқызы қолжеткізді. Республика бойынша бүгінгі таңда акция аясында 16 адам миллионер атанды. Акцияға Тараз қаласынан екі мың адам қатысты.