• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды

07.11.2021
0
Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды
111
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы «Жүрек» кардиохирургиялық орталығы» ЖШС-нің медициналық орталығының құрылысын көрді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған төрт қабатты ғимарат келер жылдың маусым айында аяқталуы тиіс.  Мердігер – «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС. Салынып жатқан медициналық орталық жүрек ырғағы бұзылған науқастарға білікті медициналық көмек көрсететін болады. Мекеме облыста теңдесі жоқ жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігі бар соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталмақ.

Бұдан соң облыс әкімі №22 орта мектебіне барды. Сонау 1880 жылы негізгі ғимаратының іргесі қаланған нысанның әбден тозығы жеткен болатын. Соны ескерген облыс басшылығы өткен жылы мұнда 600 орындық жаңа мектеп салуға шешім қабылдаған. Үш қабатты жаңа білім ордасының бүгінде құрылысы толығымен аяқталған, келесі аптадан бастап оқушыларды қабылдауға дайын.

Оқушылар бұған дейін ескірген, тар мектепте білім алса, енді жайлы, жылы, заманауи, кең нысанда оқитын болады. Ғимарт асхана, спорт зал, мәжіліс залымен жабдықталған. Инклюзивті білім беру үшін барлық мүмкіншілік қарастырылған. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген №31 орта мектебі де толығымен күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді. Сыйымдылығы 1220 орынды құрайтын оқу ордасы бұған дейін тозығы жеткен күйде болатын десек, бұл мәселе жергілікті биліктің қолдауымен бар-жоғы бес айда түбегейлі шешіліп отыр.

Облыс әкімі барлық қажеттілікпен жабдықталуына, ішкі-сыртқы безендірілуінің сапалы жүргізілуіне айрықша назар аударып, жайлы нысанда оқитын оқушылардың білім сапасы да төмен болмау керектігін баса айтты.

— Біз балалардың сапалы білім алуы үшін материалық-техникалық қамтылуына қатысты барлық жағдайды жасаудамыз. Ендігі міндет ұсаздарға жүктеледі. Сіздер тек сапалы білім беріп қана қоймай, жақсы тәрбиені де оқушылардың бойына сіңіру керексіздер. «Жомарт түлек» жобасының мүмкіндігін барынша пайдалану қажет. Осы мектептен түлеп ұшқан танымал, табысты тұлғалардың жетістігін, өмір жолын өнеге ретінде ұсыну керек. Сонда, оқушылар да өз жерлестері секілді биіктен көрінуі үшін барынша талпынады,-деді Б. Сапарбаев.

   Иманалиев көшесі мен Төле би даңғылы бойындағы жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан 4,9,12 қабатты тұрғын үйлермен танысқан аймақ басшысы шаһар шырайын арттыра түсетін, тұрғындарға жайлы осындай үйлерді, ерекше үлгідегі ғимараттарды көптеп салу керектігіне тоқталды. Ол үшін жергілікті әкімдік жер телімі мен инфрақұрылым жүргізу бойынша қолдау көрсететінін айтты.

   Облыс әкімі «ALMAZ MEDICAL GROUP» ЖШС-нің жаңадан салынып жатқан медициналық орталығына да барды. Бір ауысымда 350 келушіге қызмет көрсетуге арналған жоба 2022 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілмек. Осы аймақта тұратын 30 мыңға жуық тұрғын басқа емханаларға барып әуре болмайды.  Мұнда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, диагностикалау, 10 төсектік күндізгі стационар, процедуралық және егу кабинеттері, 4-разрядты шұғыл медициналық көмек бөлмелері жұмыс істейтін болады. Дәрігер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар қызмет етеді және рентген, маммография, ЭКГ, УДЗ, спирография секілді басқа да  керекті медициналық қондырғылармен жабдықталмақ.

Бердібек Сапарбаев барлық нысандардағы жұмыстардың сапалы және бекітілген кестеге сай атқарылуы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысқа отандық материалдарды пайдалану керектігін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Шу ауданында 39 отбасы қоныс тойын тойлады

Шу ауданында 39 отбасы қоныс тойын тойлады

08.06.2025
Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Тоқаев жаңа Қорғаныс министрін тағайындап, көлік министрін қызметтен босатты

08.06.2025
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

08.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты