2021 жылдың 6 сәуірінде Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бірлесе отырып Тараз қаласындағы «Маrt» сауда ойын-сауық орталығында Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі және балалардың от қолданудағы абайсыздығы тақырыбында флешмоб өткізді.
Іс-шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және Жамбыл облысы Әкімдігінің қалалық білім бөлімінің өкілдері мен еріктілер қатысты. Өткізілген іс-шара барысында азаматтық қорғау қызметкерлері орталыққа келушілерге және қызмет көрсетуші тұлғаларға жаднамалар таратып, өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келушілерді бірінші кезектегі өрт сөндіру
құралдарын пайдалану қағидаларымен таныстырды. Ал мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушылары шара қонақтарының назарына сахналық қойылым ұсынды. Сауда орталығына келушілер жоғары деңгейде ұйымдастырылған флешмобқа көнілдері тойып, ризашылықпен тарқасты. Айта кеткен жөн, аталған шара әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта халық назарына ұсынылды.
Құрметті Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары және қонақтар! Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаулары қажеттігін ескертеді. Өрттің алғашқы белгілерінің туындауы кезінде (еріген сымның және түтін иісі) электр жабдығын сөндіру қажет. Жануды сөрдіру үшін шаралар қабылдау қажет және оқиға туралы «101» немесе «112» нөмірі арқылы хабарлау қажет. Ал өрт күшейген жағдайда улы газдан уланудан сақтану үшін үй-жайдан шығу қажет.
Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы