• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналып ескерткіш қойылды

Тараздағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орнатылған ҚР Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылуы өтті.

turan_admin turan_admin
26.08.2023, 14:47
Облыс жаңалықтары
Таразда Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналып ескерткіш қойылды
331
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, батырдың ата-анасы, жақындары, төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

— Біз бүгін бейбіт күннің батыры атанған, Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанатына жиналып отырмыз.

Өз мамандығына адалдық танытып, қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған ерлердің есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Кез-келген сәтте елге көмек көрсетуге дайын тұратын, өзгенің амандығы үшін өз өмірін тәуекелге тігетін құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді – бейбіт заманның батырлары десек қателеспейміз.

Бүгінгі күннің батырларын келер ұрпаққа үлгі ету, олардың ерліктерін насихаттау – біздің басты міндетіміз. Асыл азаматтардың ерлігі ешқашан ескерусіз қалмайды. Батырлардың ескерткішіне қарап, жас ұрпақ бой түзеп, оларды үлгі тұтары анық,-деді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, марқұмның анасы Айткүл Айманова, халық қалаулысы Бекболат Орынбеков өздерінің жүрекжарды сөздерін айтып, батыр туралы естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында Халық қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Байзақ ауданы Қайнар ауылының аумағында орналасқан әскери бөліміндегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасында орын алған жарылыстың салдарынан 18 адам қаза тапқан болатын.

Марқұмдардың отбасыларына тиісті көмек-қолдаулар көрсетіліп, жарылыс аумағындағы зардап шеккен үйлер қалыпқа келтірілді.

Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге арнап өткен жылы ескерткіш ашылған болатын.

Енді Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсті орнатылып отыр.

Мейіржан Аймановтың есімін ұлықтау мақсатында облыс орталығындағы 15 шағын ауданында мурал салынып, Тараз қаласындағы білім беру мекемесіне және көшеге есімін беру жоспарлануда.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.