Семинарда заманауи технологияларды қолдана отырып медиа өнімдер жасау, шешендік өнер, халықтың медиа сауаттылығы, журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар спикерлер медиа мамандардың біліктілігін арттыру, салалық журналистиканы дамыту және халық арасында медиасауаттылықты қалыптастыру бағытында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын дамытудың және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылды.
Семинарға 40-тан астам БАҚ, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы өкілдері, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі