Бұл зираттарда Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл қаласының (қазіргі Тараз) госпитальдерінде алған жарақаттарынан қаза тапқан жауынгерлер жатыр.
Сұрапыл соғыс жылдарында жараланған жауынгерлер майдан шебінен тылға жеткізілді. Олардың көпшілігі Жамбыл қаласындағы ауруханаларда емделді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ауыр жарақаттарын жеңе алмағандар бар. Бұл зиратта Отан қорғау жолында өз өмірін қиған батырлар жатыр.
Әскери қызметшілер аумақты тазалап, естелік белгілерін жаңартып, сырлап, қабірлерді ретке келтірді. Осылайша олар қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсетті.
Мұндай акциялар тарихты ұмытпаудың маңыздылығын көрсетіп, елді жаудан қорғап, өздерін құрбан еткендерді жадымыздан өшірмей еске салады.
ҚР Қорғаныс министрлігі