Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының (ЖОМБ) тамырлы хирургия бөлімшесінде алғаш рет жалпы мықын артериясының субтотальды критикалық стенозы бар науқасқа оң жақ жалпы мықын артериясын стенттеу операциясы жүргізілді.
Тараз қаласының 65 жастағы тұрғыны ЖОМБ қабылдау бөліміне оң жақ төменгі аяқтың ауыруы, аяғы мен саусақтарының ұйып қалуы және салқындауы, 20 метрден кейін жүру кезінде ақсақтықтың пайда болуы туралы шағымдармен жүгінді. Нәтижесінде науқас тамырлы хирургия бөліміне жатқызылып, одан аортоартериографиядан кейін оң жақ төменгі аяқтың артериясының мықын сегментінің бұзылуы анықталды.
Көлемді операцияны болдырмау үшін емдеуші дәрігер Ангиохирург Муханғали Аманов пен интервенциялық хирург Берікбек Керимкулов лапаротомия мен айналып өту шунттарынан бас тартуға шешім қабылдады. Өйткені операция жалпы анестезиямен 3-4 сағатқа созылуы мүмкін, сонымен қатар жараны күту 10 немесе одан да көп күнді алады.
Мамандар алғаш рет жергілікті анестезиямен оң жақ төменгі аяқтың жалпы мықын артериясының бірінші сегментін стенттеді. 30-40 минутқа жалғасқан ота сәтті өтіп, төртінші күні науқас үйге шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы — бұл төменгі аяқтарды қанмен қамтамасыз ететін артерияларға әсер ететін созылмалы тамыр ауруы. Бұл аяқ-қолдың істемей, мүгедектік және өлім ықтималдығы жоғары қауіпті ауру. Сондықтан ерте диагностика мен уақтылы емдеуді қажет етеді.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі