Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ӘҚБтК-нің 127 б. 2 б. (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Сотпен анықталғандай Тараз қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы құқық бұзушының ұлы себепсіз 18 күн бойы мектепте сабаққа бармаған.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 70 б. сәйкес ата-аналар өз баласын тәрбиелеуге және баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сотта азаматша Ж. ұлының саббаққа бармауын сабақ оқығысы келмейтінін және мектепке барғысы келмейтінін сыныптастарымен жанжалдасуына байланысты деп түсіндірді.
Алайда, учаскелік инспектор мектепте кәмелетке толмаған бала мен басқа оқушылар арасында жанжал анықталмағанын көрсетті. Бұл сабаққа келмеу оқиғасы бірінші рет емес.
Айта кету керек, ұлын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін азаматша бұрын ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ӘҚБтК-нің 127 б. 2 б. сәйкес ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің тәрбиелеу және (немесе) оқыту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 127 б. 2 б. бойынша кінәлі деп танылып және оған 55 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар суда жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі