Іс-шараға облысымыздың белсенді ҮЕҰ өкілдері, орта және кәсіби техникалық білім беру саласындағы қызметкерлер және азаматтар қатысты. Сонымен қатар ашылуда «Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің» басшысы Ашимова Аяужан Тұрсынбекқызы өз пікірін білдірді.
Ресурстық мектеп ҮЕҰ-ның қаржылық сауаттылығын жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа және гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау, есептіліктерді тапсыру және жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды жабу сияқты бағыттарда ҮЕҰ және мемлекеттік орган өкілдеріне, жастарға құқықтық, консультациялық көмек көрсететін болады.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырысы негізінде жарияланды.