Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері беру» бағдарламасы туралы ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облысы филиалының директоры Евгений Шарыгин, қала әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров қатысты.
— «7-20-25 бағдарламасы арқылы Тараз қаласында 3 адам кредит алды. Екінші деңгейлі банктерден бірінші болып «Банкцентркредит» АҚ бастады» — деп мәлімдеді Евгений Евгеньевич.
Ал, Сайлауғалы Әбдісалыұлы жаңадан салынып жатқан 15 мөлтек ауданның экспликация және жоспарымен таныстырды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй немесе пәтерлер тегін берілмейтіндігін хабардар етіп, пәтерді жалға беруге ғана қарастырылған. Ал осының алдындағы бағдарламалар бойынша екінші деңгейлі банктердің қайтарылмаған ипотекалар туралы Ұлттық банктің өкілдері жауап бере алмады.
Айта кетерлігі, 7-20-25 бағдарламасы туралы толық ақпаратты baspana72025.kz сайтынан ала аласыздар.