Бүгін Тараз қаласы «Оқушылар сарайында» білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі. Тамыз конференциясында Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов сөз алып, білім саласындағы жетістіктер туралы айтты. Сонымен қатар, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Гүлдара Нұрымова, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов, білім саласының ардагерлері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қатысты.
Облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін келесілер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады
1. |
Көпбаева Ақжаркын Турсынбайқызы |
— |
Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі |
2. |
Имашова Назира Қуанбайқызы |
— |
Шу ауданы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі |
3. |
Жаманқұлова Сауле Аңсабекқызы |
— |
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі |
Облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін келесілер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталады
1. |
Букебаева Жанна Алдасуюнқызы |
Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі |
|
2. |
Ысқақова Мая Ысқыққызы |
Қордай аудандық білім бөлімінің әдіскері |
Сондай-ақ, 2022 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым-2022» грантының иегері Меркі ауданындағы №9 М.Әуезов атындағы мектеп-лицейіне 34 млн. теңгенің сертификаты тапсырылады.
«Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған келесі білім беру ұйымдары марапатталады:
- «Ең үздік инновациялық мектеп» номинациясы бойынша Т.Рысқұлов ауданы А.Бөкейханов атындағы орта мектебінің ұжымы
- «Ең үздік қала мектебі» номинациясы бойынша — Тараз қаласы №24 гимназиясының ұжымы
- 3.«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы
- «Ең үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің ұжымы
- «Ең үздік қала колледжі» номинациясы бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұжымы
- «Ең үздік ауыл колледжі» номинациясы бойынша Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұжымы
«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін келесі мектеп ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталады:
- «Шығармашылық зертхана» номинациясымен бойынша Тараз қаласы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының ұжымы
- «Педагогикалық инновациялар» номинациясымен Жуалы ауданы Д.Қонаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының ұжымы
- «Шебер педагогтар мектебі» номинациясымен Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы
- «Даму бағытындағы мектеп» номинациясымен Талас ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің ұжымы
- «Үздік әдістемелік алаң» номинациясымен Шу ауданы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұжымы
Облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі еңбегі үшін келесілер «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» медалімен марапаттауға
1. |
Қосымова Гүлнар Ғаббасқызы |
Ардагер ұстаз |
|
2. |
Садықова Айман Садыққызы |
Ардагер ұстаз |
|
3. |
Нәжетханов Нұрсаған |
Ардагер ұстаз |
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Мейірім – Әлемге махаббатпен» медалімен марапатталады
1. |
Тауасарова Нұргүл Дүйсенәліқызы |
Облыстық «Мейірім» мектеп-интернатының сурдопедагогы |
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқа елеулі үлесі үшін келесілер «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады
1. |
Дүзенова Зауре Исақызы |
Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің директоры |
2. |
Бекжанова Манат Шекербекқызы |
Меркі ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі |
3. |
Жүнісова Дана Заурбайқызы |
Тараз қаласы, №32 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі |
4. |
Кенжебаева Тұмаркүл Сәдібайқызы |
Сарысу ауданы Абай атындағы орта мектебінің директоры |
5. |
Қасымбаева Қымбат Қантайқызы |
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі |