Метка: биометрия

Ел әуежайларында жолаушылар биометриясы енгізіледі

Қазақстанда жүк авиатасымалдары саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында E-freight ақпараттық жүйесі сәттіенгізіліп, жұмыс істеп тұр. Аталған платформаға барлық әуе компаниялары мен әуежайлар қосылған. Электрондық ресімдеу және жүктерді сүйемелдеу арқылы әуе жүк тасымалын ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды. Жолаушылар тасымалы саласында электрондық билеттерді сатып алу, онлайн-брондау және цифрлық құжаттар қызметтерін пайдалану қалыпты құбылысқа айналды. Ендігі кезекте цифрландырудың келесі қадамы рейске отырғызу кезінде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру болуы тиіс. Бұл әуежайларда жолаушыларды отырғызу процесін бірнеше есе жеңілдетеді және тездетеді. 2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайда енгізілді. Алдағы уақытта пилоттық жоба оң нәтижелерін көрсеткен болса, Қазақстанның барлық әуежайына енгізілетін болады. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Толығырақ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы