Мемлекеттен субсидияланатын таңқурай сорттарын жеткізу үшін жалған шот-фактуралар ресімделіп, содан кейін фермерлер атынан субсидия алуға электронды өтінімдер шаруа қожалықтарының иелеріне ескертілмей Руслан Мулладжанов (ҚК 190б. 4б. 2т., 28б. 5б. – 216б. 3б., 218б. 2б. 2т.), Данияр Асатаев (ҚК 190б. 4б. 2т., 28б. 3б. – 216б. 3б.), Дидар Мусин (ҚК 190б. 4б. 2т., 216б. 3б.), Денис Бережнойға (ҚК 190б. 4б. 2т.) қатысты айыптау үкімі шықты.
Сот үкім етті:
Руслан Мулладжанов Қылмыстық кодекстің (ары қарай — ҚК) 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі ретінде танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 28-бабының 3-бөлігі – 216-бабының 3-бөлігімен тағылған айып осы Кодекстің 385-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежеленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 218-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен тағылған айып бойынша Р.Мулладжановтың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қаржы ұйымдарында 10 жылға дейін басқару лауазымын атқару құқығынан айырылды, қылмыс жолымен табылған мүліктері тәркіленді, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Данияр Асатаев ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі ретінде танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 28-бабының 3-бөлігі – 216-бабының 3-бөлігімен тағылған айып осы Кодекстің 385-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежеленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қаржы ұйымдарында 10 жылға дейін басқару лауазымын атқару құқығынан айырылды, мүліктері тәркіленбей, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Дидар Мусин ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі ретінде танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 216-бабының 3-бөлігімен тағылған айып осы Кодекстің 385-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежеленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қаржы ұйымдарында 10 жылға дейін басқару лауазымын атқару құқығынан айырылды, мүліктері тәркіленбей, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Денис Бережной ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі ретінде танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу ҚК-тің 63-бабының талаптарына сәйкес шартты деп танылып, пробациялық бақылау белігленді. ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес қаржы ұйымдарында 5 жылға дейін басқару лауазымын атқару құқығынан айырылды.
Руслан Мулладжановтан мыналар тәркіленді:
- Алматы қаласы Медеу ауданындағы No 433 жер учаскесі;
- Алматы қаласы Медеу ауданындағы № 433А жер учаскесі;
- 2003 жылғы Линкольн автокөлігі;
- Volkswagen Phaeton автокөлігін тәркілеу үшін 3 060 000 млн.
Мулладжанов, Асатаев және Мусин бірігіп мемлекет кірісіне 33 миллион теңге және 802 миллион теңге қайтаруы тиіс.
Бұл істе Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаевның есімі аталып өтті. Руслан Мулладжанов пен Данияр Асатаевтың адвокаттары үкімге наразы. Апелляциялық шағым келтіретіндерін айтты.
Сот үкімі күшіне енген жоқ