Тараз қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мен Тараз қалалық білім бөлімі №3 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –тұғырым» атты зиялы қауым өкілдерінің №3 мектеп-лицейінің білім алушыларымен кездесуінен бастау алды. Кездесуге №3 мектеп-лицейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Абдирасилова Зауре Садуақасқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халық арасында кеңінен танымал «Желтоқсан желі ызғарлы» әнінің авторы Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев, айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Есет Жаңабайұлы Досалы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Есіркепов Абзал Есенұлы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері және №3 мектеп-лицейінің білім алушылары қатысты.
Маңызы зор мерекелік іс-шарада мектеп-лицейде білім алатын оқушылардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінен жеткізілген тарихи жәдігерлер қойылып, білім алушылар мен қонақтар назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерттік бағдарламада №3 мектеп-лицейінің білім алушыларынан және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттерінің құралған топ сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынды.
Сондай-ақ, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдауға бағытталған мектеп-лицейдің оқушыларынан құралған «Замандастар» театры «Қазақ хандығы», «Абылай хан», «Желтоқсан» сахналық қойлымын қойып, көрермен қошеметіне бөленді. Ал республикалық деңгейдегі сайыстардың жүлдегер әрі дарынды, өнерлі оқушылары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.