Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков және Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Азат Әбдіразақов ӨКҚ алаңында “Табиғи өрттердің алдын алу, олардың туындауына жол бермеу және дер кезінде жою” тақырыбында брифинг өткізді.
Өңірде табиғи өрттердің алдын алу және оларға дер кезінде әрекет ету бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Өрт қауіпті кезең Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасымен өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып бекітілді. 2025 жылғы 8 сәуірдегі облыс әкімінің №79 қаулысымен алдын алу шаралары нақтыланды.
Мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.
Орман және дала өрттерін сөндіру кезінде төтенше жағдайларды жою бойынша уәкілетті органдардың әрекет ету алгоритмі бекітілді.
2025 жылдың ақпан–сәуір айлары аралығында Жамбыл облысы ТЖД басшылығы барлық ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы құрылымдардың жай-күйін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша аудан әкімдіктері тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту шаралары қабылдануда.
Өрттің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Алдағы уақытта автомобиль және темір жолдардың бойында өртке қарсыминералданған жырту жұмыстары жоспарлануда.
Сәуірден қарашаға дейін 3 миллион гектардан астам аумақта күнделікті әуе патрулі мен ғарыштық мониторинг жүргізіледі.
Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылғы 24–25 сәуірде облыстың барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында ТЖД, орман шаруашылығы қызметі және ерікті құрылымдардың қатысуымен өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығулар өтеді.
Мамыр айында Қырғыз Республикасының ТЖМ-мен бірлескен трансшекаралық жаттығулар өткізу жоспарланған.
Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою үшін өңірде 22 өрт сөндіру бекеті құрылды.
165 ерікті құрылым (2128 адам) алдын алу мен сөндіруге қатысады. 20 кәсіби өрт сөндіру бөлімі 106 елді мекенді қамтиды, онда 211 мыңнан астам тұрғын тұрады.
Халықпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.
16 мобильді топ құрылып, 20 рейд өткізілді. Құрғақ шөп пен қоқыс жағу фактісі бойынша 20 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өрттің алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірдегі барлық өртке қарсы инфрақұрылым, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге толық дайын.
Жамбыл облысы ӨКҚ