Т. Рысқұлов ауданында ҮИИД бағдарламасының ІІ бесжылдығы шеңберінде күн сәулесі қуатын өндіретін станция салынбақ.
Электр қауатының баламалы түрін өндіретін нысанның жалпы құны-9, 2 млрд. теңге. Станция сағатына 24 МВТ жарық өндіруге қабілетті. Бүгінде бұл мақсатта 74 гектар жер телімі бөлініп, барлық жобалау құжаттары толығымен дайындалған.
Станция құрылысы басталғанда 50-60 адам жұмысқа тартылып, ал іске қосылған кезде 22 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Aguila Solar» ЖШС нысан құрылысын 2017 жылы толық аяқтауды көздеуде.