Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.
Кеңес барысында «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың мазмұны жан-жақты түсіндірілді.
Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылды
Аталған іс-шараға 138 педагог қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы