• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ШОҚАЙ АУЫЛЫНДА КЛУБ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

25.01.2021
0
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ШОҚАЙ АУЫЛЫНДА КЛУБ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
277
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жұртшылықтың талап-тілегіне құлақ түру мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Нәтижесінде, жергілікті орган басшылары тұрғындармен жүздесулерді тікелей эфирлерде өткізіп, олардың сауалына ашық түрде жауап беруде. Бұл бұқара мен биліктің арасын мейлінше жақындастыруға бағытталған бастама десек, Жамбыл ауданында 20 қаңтарда бастау алған Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес басталған ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері сөзімізді салмақтай түскен. Қалай дейсіз ғой? Бұл жолғы әкімдердің есебі бөлек форматта өткізілді. Мысалға, ауылдық округ әкімдері тек қарашамен жолығып, жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап қана қоймай, жергілікті округтің әлеуметтік желідегі Facebook және Instagram парақшаларынан түскен сауалдарға назар аударды. Көптеген себептермен келелі кездесуді мүлт жіберіп алған жұртшылық әлеуметтік желіге кіріп, округтің ресми парақшасына сауалын жолдап, жауап алуда. Қазіргі таңда бұл формат ауданға қарасты 17 ауылдық округінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл форматты аудан әкімінің 28 қаңтарда бастау алатын есептік кездесуі ауданның бас парақшасы мен тиісті округтің парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімге шығарылатын болады. Алдын ала мекенжайлардың сілтемелері де әзірленген. Дәл бүгінгі күнге Қаратөбе, Айшабибі, Ақбастау, Жамбыл, Бесағаш, Аса, Гродиково, Көлқайнар, Қарасу ауылдық округтерінің әкімі ел алдында есептік кездесуін өткізді.
Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның Шоқай ауылы тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесуі №3 орта мектепте өтті.
Басқосуда тұрғындар округ әкімінің есебін мұқият тыңдап, өткен жылы атқарылған жұмыстардан құлағдар болды. Ортақ мәселелерге баса мән беріп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, ауыл тұрғыны Айдар Хаджимуратов жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан ауылдық клуб мәселесін көтерді. Ауылға клуб қашан соғылатынын, құрылыс жұмыстары қашан басталатынын сұрады. Тұрғынның бұл сауалына

Нұрсұлу Лутфуллақызы: «Шоқай ауылына жаңа клуб ғимараты «МакроСтрой» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Әділет Ережепбаев пен «КнауфГипсТараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мырзабай Бекназаровтың демеушілігімен салынады», – деп үн қатты.

Ауыл ақсақалы Бекзатхан Қожабеков округ әкімінің есебін қанағаттанарлық деп бағалады.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

18.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

18.06.2025
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

18.06.2025
Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

18.06.2025
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский