Департаментпен жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.
Нақтырақ айтқанда,бюджеттікұйымдардыңқызметкерлерінежұмысорнынананықтаманыңжоқтығынасілтеме жасалып, тұрғын үйге мұқтажретіндеесепкеқоюдан 3 азаматқа негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарымензаңдымүдделерінқорғаумақсатындаДепартаментпенолардыңбұзылғанқұқықтарынқалпына келтіруге бағытталғаншаралардықабылдаутуралыұсынысенгізілді.
Департаменттің ден қоюынан кейін қызмет алушылар бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алу кезегіне қойылып, олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Р.Шарипов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы