• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Тұрғын үй саласындағы жемқорлықты жою үшін жаңа заң жобасы қаралуда

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың тізімдерін жыл сайын түгендеу туралы баспасөз конференциясы өтті

08.08.2023
0
Тұрғын үй саласындағы жемқорлықты жою үшін жаңа заң жобасы қаралуда
154
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Конференцияда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бауыржан Қабдол баяндама оқып, саладағы қордаланған мәселелерді БАҚ назарына ұсынды. 

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімдерін жыл сайын түгендеу не үшін жүргізілетіні туралы айтып берді.

Спикер атап өткендей, бүгінгі таңда ел әкімдіктерінде тұрғын үй алуға кезекте 646 965 азамат тұр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, кезекке тұру үшін азамат пен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек. Еліміздің үш қаласында – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кемінде 3 жыл тіркеуде болуға тиіс.

«Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы керек, бүгінде бұл 125 758 теңге», – деді Комитет төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, соңғы жылдары кезек үдемелі қарқынмен өсуде. Соңғы 10 жылда ол 6 есеге өсті.

Әкімдіктер жыл сайын кезекте тұрғандарды түгендеуді жүргізеді. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімдері жыл сайын өзектендіріліп отырады, өйткені азаматтар өз бетінше тұрғын үй сатып алып, басқа елді мекенге тұрақты тұруға көшіп кетуі мүмкін. Осы жағдайлардың барлығы кезекте тұрған адамның мәртебесінің жойылуына әкеледі. Олар тұрғын үй заңнамасында қарастырылған.

Сонымен қатар азаматтардан кезекте тұрғандардың тізімінде баспанасы бар адамдар бар екендігі туралы шағымдар түсіп жатады. Осыған байланысты ҚР ИИДМ цифрландыру министрлігімен бірлесіп кезекте тұрғандарға заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді. Бұл орайда өрескел фактілер анықталды.

«Кезекте тұрған 96 100 тұрғынның соңғы 5 жылда баспанасы болған. Кезектегі 533 азаматтың ҚР азаматтығы жоқ болып шықты. Кезекте тұрған 91 400 адамның тіркеуі олар кезекке тұрған өңірге сәйкес келмейді. 29 мың адам еш тіркеусіз кезекке тұрған. База бойынша 15 600 адам қайтыс болып кеткен», – деді ИИДМ өкілі.

Жалпы алғанда, тұрғын үй кезегінде тұрған шамамен 647 мың азаматтың 232 мыңы заңнама талаптарына сәйкес келмейді және кезектен шығарылуға тиіс. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйді шын мұқтаж жандардың алуы өте маңызды, деп санайды спикер.

Turaninfo.kz ақпарат агенттігінен сала бойынша спикерге бірнеше сауал жолданды. Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың тізімдерге қатысты жиі көтерілетін даулар мен парақорлық фактілері туралы сауалға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл жауап берді.

— Сауалыңыз орынды, тұрғын үйді заңсыз беру фактілері барын жасырмаймыз. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары мен антикор айналысып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек бүгінгі таңда кезекке қою үдерісі толықтай цифрландырылған. Азамат өтініш береді, кезекке тұрады, ал тұрғын үйді беру жергілікті атқарушы органның міндетіне кіреді. Тұрғын үйді беру мәселесін тұрғын үй комиссиясы шешеді. Бүгінгі таңда түсіп жатқан көптеген арыз-шағымдарға байланысты біздің тарапымыздан тұрғын үй саясатын реформалау аясында кезекті жылжыту, тұрғын үйді бері үдерістерін реттеу үшін тұрғын үй институтын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған заң жобасы қазір мәжілісте қаралу үстінде, — деді Сұлтанғалу Жалқұл. 

Редакцияның 2023 жылы Кеңес Үкіметі кезінде бой көтерген тұрғын үйлерді жөндеуге кеткен кредиттік қаражат туралы және Жамбыл облысының қаражат алмау себебіне байланысты сауалына комитет төрағасы Бауыржан Қабдол жауап берді:

-Күрделі жөндеу бойынша айта кетсек, былтыр біздің республика бойынша 11 млрд ақша бөлінді. Оған 13 өңір кірді. Жамбыл облысына былтыр 5,6 млрд ақша бөлінді. Биыл біз жиырма өңірге ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім берген болатынбыз. Оны тек екі өңір қолданды. Түркістан мен Қызылорда облысы 2,7 млрд теңге қаржы алды. Жамбыл облысына келсек, 73 үйді келесі жылға жөндеуге қаржы бөлуді министрлік қолдады, — деді комитет төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, Сұлтанғали Жалқұл конференцияда тұрғын үй кезегінің қалай жылжып, баспананың қалай бөлінетіні туралы айтып берді.

Оның айтуынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кезекке қою әкімдіктің құзыретіне жатады. Жыл сайын 10 мыңға жуық арендалық, 2,5% жеңілдетілген несиемен, бастапқы жарнасы 10% кредиттік баспана беріледі. Жалпы, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражатқа сәйкес, осы арендалық және несиеге берілетін үйлерге басымдылық беріледі.

«Жылда біз 20-25 мыңға жуық азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етсек, жыл сайын тұрғын үй кезегіне тұратын азаматтардың саны 40 мыңнан асады. Соңғы он жылда бұл кезектілік 6 есеге артты, оны да ескеру керек», – деді С. Жалқұл.

Қазақстанның өңірлері бойынша тұрғын үй қалай бөлінеді, қанша азамат тұрғын үй кезегінде тұр, олардың жалпы саны, әр санатта бойынша қанша адам, сонымен қатар реттік нөмірлері Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес kezekte.kz сайтында ашық жарияланған. Кез келген азамат осы сайтқа кіріп, аталған ақпараттың барлығын көре алады, ол нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады.

Ал кейбір азаматтар тұрғын үй кезегін жылжыту үшін алаяқтарға тап болады. Осы мәселеге тоқталған Сұлтанғали Жалқұл бұл әрекеттің заңсыз және мұндай жағдайға адамдар құқық қорғау органдарына жүгінуге тиіс екенін айтты.

Өз кезегінде ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол ҚР Конституциясының 25-бабына сәйкес, мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі деп белігіленгенін хабарлады. Оның сөзінше, тұрғын үй кезегінде тұрған ең көп азаматтар саны Шымкент қаласында – 50 506 азамат. Екінші орында – Түркістан облысы, үшінші орында – Астана қаласы, мұнда 46 мың адам. Қазіргі таңда Алматы қаласында – 41 366 адам, Жамбыл облысында 39  961 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Тегтер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіТұрғын үйцифрландыру
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты