• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ: «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 12 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

06.08.2021
0
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ: «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  12 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
206
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өткен жылы Үкімет отырысында А.Мамин «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай халықтың толық 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өткен болатын. Үкімет отырысында Премьер-Министр жобалардың шығындарын қысқартып,  жергілікті қамтуды дамыту мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, сондай-ақ отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырған болатын.

Экология министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.Үкімет отырысында 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау қажет екені атап өтілген еді. Индустрия, ұлттық экономика, қаржы, экология, денсаулық сақтау министрліктеріне халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсетуді және қарызды өтеуді ескерумен кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды.

А.Мамин:«Халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі Үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек», – деген болатын.

Жамбыл облысында халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізу индикаторы бойынша жыл соңына дейін қала тұрғындарының ауыз сумен қамтылуын 91%-ға жеткізу көзделген. Бұл көрсеткіш І жартыжылдықтың қорытындысымен 88,9 %-ды құрап отыр, жыл соңына дейін жоспар толық орындалатын болады. Ол үшін 2 нысанның (Шу ауд. — Қосқұдық, Тараз қ.- 1 суағар) құрылысы жүргізілуде, жыл соңына толық аяқталады деп күтілуде.

Ауылдық елді мекендер тұрғындарын жыл соңына дейін 81,2%-ға жеткізу жоспарланса, І жартыжылдықтың қорытындысымен бұл көрсеткіш 82,2 %-ды құрап отыр. Жыл соңына қосымша 10 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталып, қамтылу деңгейі 88,7 %-ға жеткізілетін болады. Газдандыру саласы бойынша жыл соңына дейін ауылдық елді мекендердің табиғи газбен қамтылуын 62,3 %-ға жеткізу көзделген. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына бұл көрсеткіш 63,9%-ға құрап отыр. Жыл соңына, бұл көрсеткіш 69,3 %-ды құрайтын болады. Осы бағытта 20 елді мекен газдандырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының автобекет аумағындағы  №14 шағын ауданын және «Барысхан» тұрғын алқабын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы пайдалануға берілді. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 12 жоба іске асырылуда.«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 11 мектеп аумағы (Байзақ ауданы-2, Жамбыл ауданы — 2, Қордай ауданы – 6, Меркі ауданы — 1) жарықтандырылды. «Жамбыл электр желілері» ЖШС-і  5 587 шақырым (1 002 шақырым күрделі, 4 585 шақырым ағымдағы) электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді (жылдық жоспар 9 369 шақырым).

Ағымдағы жылдың 6 айында барлығы 1 424,5 млн кВт*сағ электр энергиясы өндірілді, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға өскен (2020 ж. 6 ай 1189,7 млн кВт*сағ). Өндірілген электр энергиясының 26,3 пайызы (376 млн кВт*сағ) жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілген (өткен жылмен салыстырғанда 60 % өсім). Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басым бағыттардың бірі ретінде анықталған ЖЭК нысандарын дамыту бойынша облыстың әлеуеті нақтыланып, 2020-2030 жылдарға арналған болжам картасы әзірленді. Облыста қуаттылығы 327,6 МВт құрайтын 17 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны бар (6 су электр станциясы, қуаты 24,2 МВт,  6 жел электр станциясы, қуаты 102,15 МВт, 5 күн электр станциясы, қуаты 201,25 МВт, республикада ЖЭК 117 нысан жалпы қуаттылығы 1705 МВт).

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында қуаттылығы 9,2 МВт құрайтын Тасөткел су қоймасының 2 кезегі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Жаңатас жел электр станциясында жобаға сәйкес 40 жел турбинасын орнату аяқталды. Қазіргі уақытта турбиналарды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде станцияның қолданыстағы 40 МВт-тық қуаттылығы 100 МВт-тық жобалық қуаттылығына жеткізілетін болады.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: бағдарламаЖамбылҮкіметЭнергетика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский