ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. ЕХӘҚМ басшысы жастармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, көпбалалы аналармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барып, халықтың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобамен танысады. Бұдан бөлек министр мүгедектігі бар балаларға арналған облыстық оңалту орталығының жұмысымен танысады деп жоспарланған.